Кешеннің ыңғайлығына, қауіпсіздігіне және жоғары сапасына көз жеткізіңіз!
Біз құрылыс барысы туралы айтып, инфрақұрылыммен таныстырып, қолжетімді және ыңғайлы сатып алу шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіреміз
Экскурсияда не болады?
Түймені басу арқылы сіз жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз
Біздің маман сізбен байланысып, экскурсия қалай өтетінін толық түсіндіреді
Форманы толтырыңыз
Жиі қойылатын сұрақтар
Сіз пәтерді халал бөліп төлеу арқылы сатып ала аласыз:
бастапқы жарна — 30%-дан бастап
қалған сома — 21 айға бөлінеді
пайызсыз, банкісіз және жасырын комиссиясыз
Біз заманауи және сенімді материалдарды қолданамыз:
эстетикалық көріктілігі мен ұзақ мерзімділік үшін бавариялық кірпіш қалау
беріктігі және заманауи келбеті үшін алюминий қасбеттер
ауа райына төзімділігі мен шыдамдылығы үшін фиброцемент панельдер
Иә, тұрғын үй кешенінің бүкіл аумағында 24/7 бейнебақылау жүйесі орнатылған.
Заманауи IP-домофон
Нөмір бойынша автоматты кіру жүйесі бар шлагбаум
Кешенге кіруді басқару жүйесі
Тұрғындар үшін жоғары қауіпсіздік пен қолайлық
«Al-Farabi» тұрғын үй кешені Түркістан қаласында, 160-квартал, 32-көше мекенжайында орналасқан. Жанында дендросаябақ, әкімдік, университет, мектептер және барлық қажетті инфрақұрылым бар.
Иә, құрылыс кезеңінде пәтердің жоспарлануын өзгертуге болады. Толығырақ ақпаратты менеджерден нақтылаңыз.
Иә, кешен аумағында заманауи және қауіпсіз балалар алаңдары бар.
Cіз кешендегі пәтерлерді шаршы метріне 280 000 тг бағасымен сатып ала аласыз
Жоба аясында келесі спорттық аймақтар қарастырылған:
Тәрбие — жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Ақыл
«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен Ақыл», - деп Жүсіп Баласағұни айтып кеткендей,бұл дүниеде ақылдан асар ешқандай байлық жоқ.
Мейірімділік
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Даналық
Даналық — адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті.
Ізгілік
Ізгілік — әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі.
Адалдық
Адалдық — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы.
Әділет
Әділдік (әділеттілік) — адамның қызметі, оның табиғи және ажыратылмайтын құқықтары мен міндеттері туралы көзқарастарға сәйкес келетін адами өзара қатынастардағы істердің дұрыс, тиісті болу идеясын білдіретін моральдық және құқықтық сананың түсінігі, ұғымы
Мәдениет
Мәдениет — адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды.
Парасат
Парасат – жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.
Имандылық
Имандылық — адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.